Білім • 08 Қазан, 2024

Қазақстанда үздік сынып жетекшісі анықталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда үздік сынып жетекшісі анықталды

Фото: aikyn.kz

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқаудың аудандық іріктеу кезеңіне 5 мыңға жуық сынып жетекшісі қатысқан. Соның ішінде облыстық кезеңге 312 педагог жолдама иеленген. Қорытынды республикалық кезеңде сынып жетекшілері ұстаздық қызметіне қатысты презентация ұсынып, кейс сессиясында педагогикалық жағдаяттарды шебер талдау дағдысы сыналды. Бұл кезеңнен кейін байқауға қатысушылар шығармашылық жобаларын қорғады.

«Байқаудың басты мақсаты – сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін көтеріп, тәрбие жұмысындағы озық тәжірибесін кеңінен насихаттау. Осы байқау арқылы тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен технологияларын анықтау және таратуды көздейміз», деді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Байқау нәтижесінде Павлодар облысы, Май ауданындағы Е.Мұқашев атындағы мектептің ұстазы Ғаламат Жаңабек және Абай облысындағы электротехника колледжінің оқытушысы Шыңғыс Шынарбек үздік сынып жетекшілері атанды.

Байқау қатысушыларына «Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз», «Ұрпақ тәрбиесіндегі ұтымды идея», «Шабыттандыратын тәлімгер», «Ата-анамен ынтымағы жарасқан», «Креативті көшбасшы» номинациялары да табысталды. Барлық конкурстық қойылымдарға ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ «Менің бауырым» жобасына қатысушылардың өкілдері қатысты.