Пікір • 08 Қазан, 2024

Мемлекеттіліктің бір өлшемі

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз шын мәнінде әділетті, халық игілігіне жұмыс істейтін қуатты мемлекетке айналатынына кәміл сенемін. Референдумға дайындық алдында АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық штабтың құрамында халықпен кездесулерге қатысып, экономикалық бастаманың пайдасы мен мәні жайында жұртшылыққа түсіндіруге тырыс­тым.

Мемлекеттіліктің бір өлшемі

Сурет: pavlodarnews.kz / Константин Шелков

Атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Қазаққа қой үстіне бозторғай жұ­мырт­­қалайтын заман әлі-ақ ке­леді» деп айтып кеткен. Өзім таңдау жасаған уақытта еліміздің әл-қуаты тасып, келешегі кемел, экономикасы дамысын деп тұрып дауыс бердім. Барлық жұрттың ойлағаны да, көздегені де – тыныштық. Еліміздің шекарасы бүтін, халық­тың көңілі тоқ болса, одан артық бақыт жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жол­дау­ла­рын­да еліміз­дің қарыштап дамуы­на қа­­жетті қадау-қадау мәсе­­­ле­лерді қамтиды. Атап айт­қан­да, өнеркәсіп, туризм, ауыл шар­уа­­шылығы салаларын дамыту және инфрақұрылымды нығайту мәселелеріне зор мән берді. Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік, тариф саясатын қайта қарау, елді газбен қам­та­масыз ету мәсе­лелері де назардан тыс қалмайды. Ел келе­шегіне қатысты маңызды мәсе­ле­ні жалпыұлттық референдумда шешілетінін айтып, оның нәтижесін бүгін таразыға салып отырмыз. Жалпы, бұл референдум тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған эко­­но­микалық іс-шара деп түсі­немін.

 

Бақытжамал МАКСИЛОВА,

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы