Қазақстан • 04 Қазан, 2024

Қазақстан аспаны әлемдік рекордтар тарихына енді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

57 жастағы кәсіби әуе шаршы Алмут Даннингтон мен 31 жастағы бразилиялық Лайс Пиньо Қазақстанға келді. Олар Алматы аспанында әуе шарымен ұшып өткен елдер саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан аспаны әлемдік рекордтар тарихына енді

Фото: Zakon.kz/Алия Абди

Zakon.kz-тің жазуынша  британдық ұшқыш әйелдер қауымдастығының (BWPA) мүшесі Альмут Даннингтон аэронавтикадан әлемдік рекордқа ие болған әлемдегі жалғыз әйел.  Қазақстан ол үшін 117-ші ел. 

Ол бүгінгі күннің естелігін марқұм күйеуінің рухына арнайтынын айтады. Өйткені, күйеуі де  осы хоббимен айналысу барысында  1999 жылы Қазақстанға келген екен.

Ал 13 жылдан бері осы кәсіппен айналысатын Лаис Пиньо экстремалды стилі мен парашютпен секіргені үшін «жынды ұшқыш» деген лақап атқа ие болған. 

Әйелдер ұшағы Фабричный аэродромынан көтерілді. Қазақстан тарапы оларға еліміздің туы бейнеленген шар сыйлады.

Тарихи оқиғаға қатысу үшін тағы төрт шар аспанға көтеріліп, керемет көрініс тудырды.

Жиналған шардың салмағы 350 кг, ал оны құрастыру үшін 30 минут уақыт керек.

Ұшу ұзақтығы екі сағатты құрады. Ал рекордшылар мінген шардың жеткен максималды биіктігі 900 метр болды.

Қазақстанның аэронавтика федерациясының өкілі Александр Русиновтың айтуынша, олар FAI рекорды үшін мұндай шараны алғаш рет өткізіп отыр.

Олар бізден кейін  Қырғызстанға, Тәжікстанға барады.Сапарларын Өзбекстанның Хиуа қаласында аяқтайды.

Қазақстан - Орталық Азиядағы ұшқыштар мойындаған алғашқы мемлекет ретінде әлемдік рекордттар тарихына  енеді.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025