Қоғам • 02 Қазан, 2024

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті

Фото: gov.kz

Аида Балаева екі елді ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген берік бауырластық байланыстыратынын атап өтті. Министр мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ортақ рухани және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ғана емес, сонымен қатар бұл құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өйткені кез келген дін айналадағы адамдарға деген мейірімділікті, қайырымдылықты, сыйластықты, сүйіспеншілікті насихаттайды.

«Қазіргі әлемде діни мәселелерді түсіндіру, әсіресе осы бағытта жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аудару маңызды. Әлеуметтік медиада деструктивті ақпарат көбейген жағдайда жақсыны жаманнан ажырата білу қажет. Сенімді және сапалы ақпаратты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», деді министр.

Нг
Әли Ербаш мұндай кездесулер екіжақты қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Ол Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстанмен белсенді қарым-қатынаста болып, студенттерді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Рг

Кездесу соңында тараптар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған жемісті жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.

Нн

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше