Руханият • 02 Қазан, 2024

«Birgemiz: Qamqor» жобасы қарттарға қуаныш сыйлады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Birgemiz: Qamqor» жобасы «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы аясында 2000-ға жуық адамға қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

«Birgemiz: Qamqor» жобасы қарттарға қуаныш сыйлады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еліміздің әр өңіріндегі еріктілер қарт адамдар үшін мәдени және демалыс іс-шараларын өткізіп, әлеуметтік көмек көрсетіп отырады. Бұл қариялардың  өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қоғамға  қажеттілігін сезінуге көмектеседі.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы үш жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыттың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Республика аумағында 8000-нан астам қарт адамға қажетті көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда жобаға қатысқан еріктілердің жалпы саны 6000-нан асты. Олардың басым бөлігі жастар, студенттер және қарттардың өмірін жақсартуға үлес қосқысы келетін азаматтар. Осындай бастамалардың арқасында өскелең ұрпақ пен қарттар арасындағы байланыс нығайып, өзара көмек пен құрмет мәдениеті қалыптасып келеді.

Айта кетейік, еріктілер қозғалысына кез келген адам қосыла алады. Ол үшін  дайындықтан өтуге мүмкіндік беретін онлайн-оқыту модулі құрылды. Бүгінге дейін жоба аясында 3000 ерікті оқытылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03