Қоғам • 01 Қазан, 2024

Астана епархиясына – 25 жыл

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Астана епархиясының 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Салтанатты рәсім Астанадағы қасиетті апостолдар Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта ұйымдастырылды.

Астана епархиясына – 25 жыл

М.Әшімбаев православтарды аталған маңызды оқиғамен құттықтап, Қазақстанда азамат­тарғ­а өздерінің діни және рухани қажет­тіліктерін іске асыруы үшін барлық жағдай жаса­лып жатқанын атап өтті. Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшылары Съезі хатшылы­ғының басшысы православие еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқара­тынына да назар аударды. Сондай-ақ діни қызметкер­лер жалпыадамзаттық рухани құнды­лықтарды сақтауға және дәріптеуге елеулі үлес қосып отырғаны айтылды.

Қасиетті Мәскеу Матрона­сының жәдігерлерін Қазақстанға әкелу де осы маңызды күнге орай ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Бұл киелі мұра­ларды 27 қыркүйек пен 4 қараша аралығында Қазақ­стан Митро­политтік округінің барлық епархиясына апару көзделіп отыр.

Салтанатты іс-шараға Астана және Қазақстан митропо­литі Александр, бүкіл Беларусь Пат­риархы Экзарх, Минск және Заславский Митрополиті Ве­ниа­мин, Екатеринбург және Верхотур Митрополиті Евге­­ний, сондай-ақ басқа да руха­ни өкілдер мен шіркеу қызмет­шілері қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25