Пікір • 27 Қыркүйек, 2024

Медиасауаттылық – негізгі талап

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Media Week осымен сегізінші мәрте өткізіліп отыр. Алаңда жыл сайын заман ағынына сай тенденциялар мен өткір мәселелер қаузалып, журналистерге тәжірибелік сағаттар өткізіледі. Биылғы жиында дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда, жаңа медиаға көбірек көңіл бөлінген.

Медиасауаттылық – негізгі талап

Сурет: facebook.com@Taraz.24

Медиасауаттылық – қазіргі кезеңнің басты талабы. Өйткені сөйлем құрылысы мен әріп қателерден бөлек, кей журналистер деректі тексеруді, оның рас-өтірігіне көз жеткізбей жариялауға болмайтынын, оған қоса медиа этиканың бар екенін түсіне бермейді. Осыған орай панельдік сессияларда фак­т­чекинг, медиаэтика, медиа­­­сауат­­тылық тақырыптары көтерілді. Тіпті журналистер арасында диктант өтті.

Сондай-ақ медиа апталықта жұртшылықты өңірлік БАҚ-тың контентімен таныстыруға мүмкіндік туды. Аймақтардағы медианың проблемаларына да баса назар аударылды. Әсіресе қатысушылар маман тапшылығын баса айтты. Меніңше, жоғары оқу орындарындағы журналистикаға түсу тәртібін өзгерту қажет. Оған қоса университеттерге теориялық білімі мен практикалық білігі ұштасқан кәсіби мамандарды көбі­рек тарту керек.

Тағы бірі қаузалған өзекті мәсе­­ленің бірі – балалар кон­­тентін дамыту. Аталған тақырып турасында шетелдік мамандар да шақыртылып, трендтегі форматтар талқыланды. Негізі бұл проблема бұған дейін Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда да көтерілген еді. Мақсат – медиа платформалардағы қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру.

 

Зарина ҚУАТОВА,

«Тараз 24» телеарнасының директоры

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25