Кеше түстен кейін Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының баспасөз орталығында Шанхай ынтымақтастық ұйымынан келген байқаушылар журналистер алдына шығып, президенттік сайлау процесіндегі өздерінің байқаушылық қызметтерінің қорытындысын жариялады.
Бұл халықаралық ұйымнан келген байқаушылар миссиясының саны 10 адам екен. Соның ішінде байқаушылардың жетекшісі болып ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев келіпті. Ал миссияның мүшелері қатарында ШЫҰ Хатшылығының кеңесшісі А.Қыдырбеков, ШЫҰ Хатшылығының аға сарапшысы М.Асейынов, ШЫҰ Хатшылығының бірінші категориядағы сарапшысы Чжун Хуа, ШЫҰ Бас хатшысының көмекшісі Д.Булгаков, Тәжікстан өкілі А.Холиков, Өзбекстан өкілі Т.Мадумаров, Ресей Федерациясының өкілі С.Костенко, Қытай өкілі Сун Лицюнь және Қырғызстан өкілі Г.Журабаева болды.
Осы байқаушылардың бәрі қол қойған қорытындының негізгі мазмұны мынадай: Қазақстандағы саяси өмір мен демократиялық үдерістердің белсенділігін президенттік лауазымға әуелде 27 азаматтың үміткер ретінде ұмтылғанынан көруге болады. Соның ішінде 3 адам кандидат болып тіркелді. Біздің байқаушылық миссиямыз сайлау науқанының барынша ашық, Қазақстан Конституциясының және басқа да заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізілгенін анықтады. Сайлау процесі кезінде біздің миссиямыз Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау, Шымкент қалалары мен Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан 53 сайлау учаскелерінде болды.
Біздің миссиямыз қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділікпен қатысқанын айта алады. Біз болған сайлау учаскелерінің кейбірінде «Нұр Отан» партиясы мен ҚКХП өкілдері де жүрді. Сондай-ақ, кандидаттардың сенімді өкілдері де байқаушылық қызмет атқарды. Біздің тарапымызға сайлаушылардан да, осы байқаушылардан да ешқандай шағым айтылған жоқ. Біз Қазақстандағы президенттік сайлау демократияның талаптарына сәйкес ашық, еркін және мөлдір өтті деп айта аламыз.
Сонымен қатар, біз өз жұмысымызды тиянақты және тиімді жүргізуге жағдай жасаған Орталық сайлау комиссиясы мен Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдіруді өзіміздің міндетіміз деп санаймыз, делінген қорытынды мәлімдемеде.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Цирфлық қызмет: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:27
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Кәсіпкер • Бүгін, 15:15