Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Б.Байбек Мемлекет басшысы – партия Төрағасына партия қызметін жетілдіру және қайта қалыптау жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
Қазақстан Президенті партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ауқымды «Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданғанын, ол әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталғанын атап өтті.
– Бұл бағдарлама партияның қолдауы аясында жүзеге асырылатын болады, өйткені, оның беделі бар, бүкіл еліміз бойынша көптеген адамдар партия сапында тұр. «Нұрлы Жолды» қабылдау – елдің болашақ дамуы мен халықтың игілігі үшін зор мәні бар маңызды шара. Осыған байланысты партия бастауыш ұйымдарға сүйене отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарына ден қоюы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымды сапалы дамыту, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ілкімді қолдау көрсету «Нұрлы Жол» бағдарламасының міндеттеріне кіретінін айтты.
– Кәсіпкерлер несиемен қамтамасыз етілуде, бизнес ашуға жағдай жасалып, тексерулер саны азаюда. Барлық кедергілер жойылуда. Жалпы, кәсіпкерлік Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы Жол» бағдарламалары, жол және баспана құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртулар арқылы ұсынылатын мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Егер партия Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен осы бағытта тығыз ықпалдасатын болса, қажетті нәтижелерге қол жетеді. Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Төрағаның бірінші орынбасары партияның сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттемелерінің іс жүзінде 70 пайызға жуығы орындалғанына тоқталды. Ол Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасының бекітілгенін де айтты.
Б.Байбек, сонымен қатар, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру ісіне партияның қатысуы туралы баяндады.
– Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Мәжілістегі және мәслихаттардағы партия фракцияларында «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуы мен Ұлттық қор қаржысының пайдаланылуын қадағалайтын 4 комиссия құрылды, – деп хабарлады партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Б.Байбек Президентке партия мүшелері бағдарламаны табысты орындау үшін бар күш-жігерлерін жұмылдыратынын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12