Президент • 23 Қыркүйек, 2024

Президент Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейрамымен құттықтады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейрамымен құттықтады

Коллаж: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері, Премьер-министрінің жауапты қызметтеріне табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025