Саясат • 19 Қыркүйек, 2024

Қаржы ұйымымен байланыс

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегация мүшелерімен кездесу өткізді.

Қаржы ұйымымен байланыс

Сурет: primeminister.kz

Диалог барысында қонақтарға еліміздегі қазіргі макроэкономика­лық жағдай, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібі саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат берілді.

Банк қызметінің ерекшелігін ескере отырып, елімізде көлік, энергетика, су және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мен салуға бағытталған Үкіметтің бастамаларына ерекше назар аударылды.

«Біз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалаймыз. Қазақстанның жаңа инвес­тициялық циклге аяқ басып отырғанын әрі бүгінгі таңда халықаралық қаржы институттарымен қатар жеке инвес­торларды да инвестициялық тұрғыдан қызықтыратын бірқатар ірі жобаны ұсынып отырғанын атап өткім келеді», деді вице-премьер.

Константин Лимитовский Қазақстан АИИБ құрылтайшыларының бірі ретін­де банкті құру мен дамытуда елеулі рөл атқарғанын атап өтті. Ынтымақтастық­ты кеңейтудің орасан зор әлеуетін мо­йындай отырып, АИИБ еліміздің Ұлттық даму жоспарын табысты жүзеге асыруға үлес қосуға, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін декарбонизацияға деген ұмтылысын қолдауға дайын.

АИИБ мен Ұлттық экономика ми­нистрлігі арасындағы кездесу аясында үш жылдық инвестициялық жос­парды бірлесіп әзірлеу ниеті туралы Декларацияға қол қойылды, ол ықтимал қаржыландыру үшін секторларды, салалар мен жобаларды көрсететін болады. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25