«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2024

Экологиялық іс-шараның тиімділігі

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бурабай» ұлттық паркі жазғы экологиялық акциялар барысын қорытындылады. Парк аумағындағы көлдердің жағалау сызығы мен орман жол­дарының 150 шақырымнан астамы ретке келтіріліп, жазғы экологиялық акциялар кезінде қоқыстардан тазартылды. Ұлттық парк аумағында төрт жүз тоннадан астам қоқыс жиналды.

Экологиялық іс-шараның тиімділігі

«Таза Қазақстан», «Таза жағалау», «Таза орман», «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Қоқыс жоқ!» акцияларына оқушылар, жергілікті тұрғындар, жергілікті биз­нес қоғамдастық өкілдері, 500-ден астам еріктілер қатысты.

«Құмырсқа илеуі» акциясы барысында еріктілер құмырсқа илеулерін қоршады. «Тыныста, тал бұтақ!» акциясы ағаш бұтақтарын олардың өсуіне кедергі келтіретін ескі байлаулардан босатуға көмектесті және ағаштардың зақымдануын болдырмады.

«Эко-қозғалыс қарқын алып, ұлттық парк инспекторларының жұмысына елеулі қолдау көрсетіп отырғанын байқау, сезіну – өте қуанышты. Еріктілер саны мен олардың экологиялық сана-сезімі, хабардар болу деңгейі өсіп келеді. Еңбек ұжымдары бізге көмек қолын ұсына бастады. Бұл өте жақсы белгі», деп атап өтті «Бурабай» МҰТП бас орманшысы Бауыржан Махметов.

Бұл іс-шаралар экологиялық тепе-теңдікті қол­дауда ғана емес, жас қазақстандықтарды эколо­гиялық тәрбиелеуде де маңызды қадам болды.

«Мұндай акцияларға қатысқан сайын мен табиға­тымыздың болашағы үшін жауапкершілікті сезінемін. Өз жұмысыңның нәтижелерін және таза орманды көру – керемет сезім», – дейді Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің оқушысы Камила Мүсілімова.

«Бурабай» МҰТП дирекциясы биылғы эколо­гиялық акциялар маусымының аяқталғанын жариялады, бірақ парк қызметкерлері, еріктілер де табиғатты қорғау мәселелеріне қызығушылық келесі жылы да арта түсетініне сенімді. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25