Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024

Қазандықтар дайын: Жылуды ертерек қосу мүмкін бе?

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ОКҚ алаңында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазандықтар дайын: Жылуды ертерек қосу мүмкін бе?

Фото: ОКҚ

Оның айтуынша, биыл электр станцияларында 10 энергоблок пен 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, одан бөлек ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Аталған жұмыстар аяқталуға жақын.

«Жылыту маусымын бастауға қазандықтар мен турбиналар дайын. Мысалы, Павлодар облысының әлеуметтік нысандарына жылу беріле бастады. Бұл барлық құрал дайын екенін білдіреді», деді спикер.

Жылуды ережелерде көрсетілген мерзімнен ертерек қосу мүмкін бе? Сұңғат Есімханов бұл сұраққа да жауап берді. Вице-министрінің айтуынша, арнайы ережелер әзірленді, оған сәйкес орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болуға тиіс.

Баспасөз конференциясында спикер: «Жергілікті атқарушы органдар осы ережелерді ұстанады. Бірақ бұл тек ұсыныс қана. Әрбір жергілікті атқарушы орган жылыту кезеңін ертерек бастауға құқылы. Қайталап айтамын, Павлодардағы әлеуметтік нысандарға бір апта бұрын жылу беріле бастады. Қазіргі кезде басқа қалаларда да шешімдер қабылданып жатыр», деді.

Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38