
24 қыркүйек - «Таптым-ау сені»
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ә.Байболдың «Таптым-ау сені» лирикалық драмасы қойылады. Режиссері – Р.Үсен.
25 қыркүйек - Кешкі әуен
Астананың Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында «Шаттық отаны» атты С.Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған кеш өтеді.
27 қыркүйек - «Менің атым Қожа»
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» драмасы ұсынылады. Сахналық нұсқасының авторы – Т.Садықов. Режиссері – Ж.Садықов.
27 қыркүйек - «Жалдамалы пәтер»
Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қ.Аманжолдың «Жалдамалы пәтер» драмалық комедиясы сахналанады. Режиссері – А.Жақсығали.