Оқиға • 11 Қыркүйек, 2024

Астанада аялдамада тұрған қызды тонап кеткен

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада аялдамада тұрған қыздың қолынан қымбат маркалы  телефонынын  жұлып алып қашып кеткен жас жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанада  аялдамада тұрған қызды тонап кеткен

фото Polisia.kz

Polisia.kz-тің жазуынша  велосипедпен келе жатқан жігіт аялдамада алаңсыз автобус күтіп тұрған қыздың қолынан iPhone телефонын тартып алып, өзі көзден таса болған.  Тосыннан орын алған оқиғадан жәбірленуші алғашқыда абыржып қалады. Кейін  полициядан көмек сұрайды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақыны анықтады. Ол ойланбай жасаған іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біз азаматтардан қырағы болуды сұрайды. Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері немесе құрбаны болсаңыз дереу “102” арнасына хабарласыңыз», дейді Астана қаласының полиция департаменті. 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10