АСТАНА. 13 маусым. Астананың Алматы аудандық №2 сотының шешімімен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев 2 айға үй қамаққа алынды. Бұл туралы «ҚазТАГ» және tengrinews.kz интернет ресурстарына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Сот шешімінде: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 176-бабының «б» тармағы бойынша – «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иелену немесе талан-таражға салуға» күдікті Талғат Ермегияевке қатысты «үй қамақ» түрінде бұлтартпау шарасын қолдану санкциялансын», – делінген.
Бұған дейін аталған компанияға қарасты құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үй қамаққа алынған болатын. Ал 11 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: ratel.kz.
• 13 Маусым, 2015
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы тұтқындалды

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше