Оқиға • 05 Қыркүйек, 2024

Асыл тұқымды мал сатып алуға бөлінген қаржыны жымқырған шаруалар сотталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін  анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асыл тұқымды мал сатып алуға бөлінген қаржыны жымқырған шаруалар сотталды

Фото: gov.kz

«Тергеу барысында 4 шаруа қожалығынан жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталған.Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді», деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелгені хабарланды.

Сот үкімімен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін  үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленген.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025