Қазақстан • 30 Тамыз, 2024

Олжас Бектенов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олжас Бектенов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Фото: Ашық дереккөз

- Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары заң үстемдігінің салтанат құрып, қоғамды саяси тұрғыдан одан әрі жаңғыртуға тың серпін берді.

Әлеуметтік әділдік, рухани келісім, құқықтық теңдік сияқты құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің берік тұғырына айналған Ата заңымыз береке-бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға табысты қызмет етіп келеді.

Еліміздің бас құжаты конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде орнықты дамуға, егемендігіміздің еңсесін биіктетуге үлес қоса бермек. 

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! -, делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025