Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 27 Тамыз, 2024

«Алтын жебе» нысанаға дөп тиеді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. 21 спорт түрінен өтетін сайысқа қа­тысатын спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынын күшейтіп, әзірлікті нығайтып жатыр. Ұлттық құрамаға қа­былданған саңлақтар елімізде алғаш рет ұйымдастырылып, жалауы желбірейтін айтулы аламанда бақ сынайды.

«Алтын жебе» нысанаға дөп тиеді

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың бас бапкері Диас Ахметов 35 елден 200-ден аса мерген қатысатынын жеткізді.

«Саңлақтарымыздың әзірлігі жоспар бойынша жүріп жатыр. Басты қарсылас Түркия, Қырғызстан, Моңғолия елінен келетіні анық. Бірақ кейінгі жылдары Франция, Италия, Испания, Қытай, Иран, Түркиядан да қатысуға өтініш жолдаған үміткерлердің қырағылығы жоғары. Елімізде өтетін сайыста жанкүйерлердің үмітін ақтап, қыз-жігіттер жүлде алатынына сенімдіміз», дейді бас бапкер.

Осы уақытқа дейін ұлттық құрама мүшелері халықаралық сайысқа қатысса да, оқу-жаттығу жиынына да қажетті құрал-жабдықты негізінен Түркия, Мажарстан, Ресейден сатып алған еді.

«Кейінгі жылдары елімізде де садақ ату сайысына қажетті құрал-жабдық өндірісі жолға қойылды. «Алтын жебе» цехынан шығатын оқтарды пайдаланып жүрміз. Өте ықшам, ыңғайлы жонылып, халықаралық стандартқа сай жасалған», дейді ұлттық құрама мүшесі Ербол Тәпенов.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50