Өнер • 26 Тамыз, 2024

Мерген мұралы

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа мұрал салынды. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі жақындап қалғанын әйгілейтін мұралда жамбы атушы мерген бейнеленген.

Мерген мұралы

Биіктігі 4 метр мұрал ұлттық ойындар додасынан хабардар етіп қана қоймай, көшпелілердің күші мен дәлдігінің рәмізіне де айналмақ. Елордада бұған дейін де айтулы аламанның даңқын асыратын мұрал көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына бедерленген еді.

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары – ұлттық спорт түрлеріне арналған халықаралық дода. Мәдени мұраны насихаттап, көшпелі өмір рухынан сыр шертіп, халықтық ойындарды әйгілейтін этноспорт аламанының ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025