Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024

Асықшылар тәжірибе алмасты

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-13 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысатын командалар сайыс түрлерінен әзірлікті пысықтап жатыр. Этноспорт ойындарының бағдарламасына асық ату спорты да еніп, ұлттық ойынымыздан өтетін додаға 15 мемлекеттен команда келмек.

Асықшылар тәжірибе алмасты

Фото: turaninfo.kz

Қатысушылардың алды Астана қаласына ат басын бұрды. Асық атудан Моңғолия ұлттық құрамасының бас бапкері Қанат Забайұлы бастаған асықшылар келді. Моңғолияда асық спортын насихаттап, дамытып жүрген қандасымыз асық ату спортының негізін қалаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы бастаған мамандармен дидарласып, дүбірлі доданың өту барысымен танысты.

Тәжірибе алмасу мақсатындағы басқосуда Қанат Забайұлы асық ату спортының Моңғолияда даму қар­қыны туралы баяндап, көшпелілер ойындарына моңғол құрамасы 7 қыр­күйек күні толық құрамда келе­тінін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025