Қоғам • 21 Тамыз, 2024

Олимпиадашыларға пәтер берілді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парижде өткен жазғы Олимпия ойындарынан оралған спортшыларға құрмет көрсету жалғасын тапты. Жуырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, өңір кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Олимпиадаға қатысушылардың жалпы жүлде қоры 24 миллион теңгені, 4 пәтерді құрады.

Олимпиадашыларға пәтер берілді

«Аймақ кәсіпкерлері халық­аралық жарыстарда туған өңі­рінің намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қол­дауға әрқашан дайын», деген облыс әкімі өңірдегі спортты да­мытуға үлес қосқан «Elit Stroy Group» құрылыс ком­па­ния­сының директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Сар­монов пен «Каз Строй Моно­лит» компаниясының коммер­циялық директоры Әлімжан Сәр­сенбаевқа, «КаzSМU» ком­па­ниясына ерекше алғыс білдірді.

«Біз сіздерді мақтан тұтамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қай­­­сарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі. Бұқаралық спортты дамытып, чемпиондарымызды қолдау үшін алдағы бай­рақты бәсекелерде де спорт­­шыларымыздың жарқын же­ңістерге жетуіне біз барлық жағдайды жасаймыз», деді М.Елеу­­сізұлы.

апр

Облыс басшысы өңірдің бар­ша кәсіпкерлері атынан Олим­пиаданың күміс жүлде­гері Демеу Жадыраевқа 10 мил­лион теңгенің сертификаты мен 3 бөлмелі пә­тердің кілтін, сон­дай-ақ қола жүл­­дегер Назым Қы­зайбайға да бизнес қауым­дастығының сый­лығы 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион тең­генің сертификатын табыс­тады.

Спортшылардың жаттық­тыру­шылары да марапатсыз қал­мады. Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірлік кә­сіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаты мен 2 бөлмелі пәтердің кіл­тін алды. Сонымен қа­тар Па­риж Олимпиадасында өнер көр­сеткен Эдуард Ещенко (стенд ату), Әсем Орынбай (стенд ату), Ма­рия Дмитриенко (стенд ату) және Никита Чирюкин (ату) кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификатын иеленді.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025