Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Құрылтайшылар қамауға алынды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Іле ауданындағы 9 жекеменшік балабақшаның құрылтайшылары қамауға алынды. Бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729,0 млн шығын келтіргені үшін тағы бірнеше құрылтайшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл жөнінде Қонаев қаласында өткен тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Құрылтайшылар қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

«Жекеменшік балабақшалар кәсіпкерлік субъектілерге тексеріс жүргізуге салынған мораторийді пайдаланып, мемлекеттік тапсырыс­пен бөлінген қаржыны жымқырған. Осы тұста бүгінгі тамыз кеңесінде көтеріліп отырған – білім жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу өте орынды және қажетті іс. Цифрлық технология көп жағдайда білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жоюға септігін тигізері сөзсіз. Бүгінде цифрлық технологиялар басқармасы арқылы аталған жағдайлардың алдын алу, жемқорлыққа тосқауыл қою мақ­сатында барлық балабақшаға меншік түріне қарамастан «биометрия» автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр. Мұнда әр баланың балабақшаға келуі жекелей QR код арқылы табельге енгізіліп, есебі жүр­гізіліп отырады», деді өңір басшысы.

Жекеменшік балабақ­ша­лардағы тағы бір мәселе – тәр­биеші педа­гог­тердің білімі мен білік­тілігінің төмендігі. Қа­зіргі кезде жалпы респуб­ли­ка бо­йынша жекеменшік бала­бақ­шаларда тәрбиешілер мен кіші қызметкерлердің өз ісіне жауапкершілігінің төмендігі, пси­хологиялық тұрақсыздығы салдарынан балаларға қатысты түрлі жағдай тіркеліп жатыр. Сондай-ақ өңір басшысы жекеменшік балабақшаларға педагогтердің білімі мен жауапкершіліктерін көтеру бағытындағы жұмыстарды жүргізуді тапсырғанын атап айтты.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025