Білім • 20 Тамыз, 2024

Қостанай облысындағы мектептер «Kundelik» жүйесінен бас тартты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін жарнаманы және ақылы функцияларды болдырмау, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қостанай облысының барлық мектептерінде «BilimClass» электрондық журнал және күнделік модулі енгізіледі. Білім басқармасы бұл «Kundelik» жүйесін алмастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы мектептер «Kundelik» жүйесінен бас тартты

Фото:© Sputnik / Абзал Калиев

Анықталғандай, барлық деректер алдыңғы жүйеден жаңасына автоматты түрде жүктелетін болады.

— «BilimClass» жүйесіне көшкен кезде барлық білім беру ұйымдары мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Мектептердегі, сыныптардағы, пәндер бойынша білім сапасын бақылауға аудандық, облыстық деңгейде мүмкіндік бар. «Kundelik» жүйесінен шығарылғаннан кейін және BilimClass-қа деректерді автоматты түрде жүктегеннен кейін құжаттарды қоймада тегін сақтау мүмкіндігі беріледі, — деп хабарлады білім басқармасынан.

Айта кетейік, Bilimcenter.kz модуліне – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен бағалауға арналған цифрлық порталға тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл портал мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025