Таным • 19 Тамыз, 2024

Оғаш ойлар 2

94 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рационализм мен иррационализм ұғымы философияда әртүрлі пікірлер шоғырына ие болып келеді. Рационализм – шындықты ақыл арқылы іздейтін, дүниенің негізі етіп ақылды алып, әрнеге ақыл күшімен қарайтын философиялық ағым. Мәселен, рационалист жолда кетіп бара жатқанда алдынан қара мысық кесіп өтсе, ол мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп бағамдап, мұны жаман ырымға балаудың жөнсіз екенін айтып, алға адымдап жүре береді.

Оғаш ойлар 2

Өйткені ол бәрін ақылмен шешіп, ақыл күшімен бағамдайды, оған теріс келгенді ойға тамызық етпейді. Ал иррационалист – әлгі қара мысықты жүрегімен сезініп, жаман ырымға балап, басқа жолмен өтуді мақұл көретін адамдар. Яғни ирранационалистер – табиғат құбылыстарын, дүниені, болмыс­ты, ақиқатты жүрекпен, интуициямен қабылдап, сезінуді алға шығарып, ақыл күшінің Жаратушыны тануға әлсіз екенін айтатын, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның  негізі деп есептейтін рационализмге  қарама-қарсы таным жүйесі.

Расында, дүниені ақылмен тану мүмкін бе?

«Ақылмен хауас барлығын

Білмейдүр, жүрек сезедүр,

Мұтакәллимин, мантиқин

Бекер босқа езедүр».

Абай дүниетанымы шығыстық ілімге жақын болғандықтан, жүрек культын алға қояды. «Алла Тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі, өлшеулімен өлшеусізді біліп болмайды» дейді бірде. Шын мәнінде, ұлттық дүниетанымымызда әлемді ақылмен танудан гөрі жүрекпен тану, жүрек көзін ашу маңызды. Әрине, ақыл күшін жоққа шығармаймыз, бірақ ақыл барлық тылсымды ашуға, сезінуге күші жете бермейді. Ал жүрек – шексіз қазына мекені, әрі Құдайдың назары түсетін орын. Мәулана Румидің барлық жерден таппаған ақиқатты жүрегімнен таптым дегені сондықтан болар.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15