Денсаулық • 14 Тамыз, 2024

Елімізде пневмония жұқтырғандар саны көбейді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда пневмонияға шалдыққандардың саны айтарлықтай артты. Денсаулық сақтау министрлігі мұны Омикрон штаммының әртүрлі нұсқаларының таралуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде пневмония жұқтырғандар саны көбейді

фото: gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда пневмонияның 49 704 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Салыстырмалы түрде 2023 жылы пневмонияның 123 910 жағдайы тіркелсе, оның 40 144 жағдайы алғашқы алты айда болған.

Коронавирустың мутациясына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта елде, сондай-ақ бүкіл әлемде Омикрон JN.1 штамм нұсқасының айналымы басым екенін атап өтті. Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің соңғы мәліметтері келесі нұсқалардың бар екенін растайды: JN.1.13 - 61 пайыз; JN.1.18 - 22 пайыз және JN.1 - 8,7 пайыз.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, JN.1 штаммы халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндірмейді және оның жоғары жұқпалылығына қарамастан, бұл штамм аса ауыр ауру туғызбайды», деп түсіндірді министрлік.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше