Аймақтар • 06 Тамыз, 2024

ШҚО-да құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтай қаласындағы тұрғын үйдің 3-қабатының сынған терезесінде отырған баланы байқаған куәгерлер құтқарушыларды шақырған, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алды

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына келген қызметкерлер үш иінді сатыны орнатып, терезеде жалғыз отырған бес жасар қызға жетті. Пәтерде ешкім болмаған әрі кіру есігі құлыптаулы болған.

Құтқарушылар баланы биіктіктен абайлап түсіріп, мән-жайды анықтау үшін учаскелік полиция бөліміне тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00