АҚТАУ. 26 сәуір. ТМД миссиясынан келген тәуелсіз байқаушылар Маңғыстаудағы сайлауды жоғары бағалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Байқаушылар бұл туралы журналистермен кездесуінде баяндады. Олар таңертең сайлау басталысымен кәрі-жасы аралас 30-40 адамның келіп тұрғанын, біреулердің отбасымен келгендігін қызыға айтты. Сондай-ақ, мейірбан маңғыстаулықтардың ыстық ықыласына риза болған байқаушылар сайлау барысынан ешқандай кемшілік байқамағанын айтумен қатар, «кейбір мәселелерді сіздерден үйренуге болады. Оларды біз Ресейге ұсыныс ретінде алып бара жатырмыз», деп ағынан жарылды.
Байқаушы Антон Гуденко көптеген сайлауларда сайлаушылар тізімі мен дауыс санауда қате олқылықтар болатынын, ал сайлау барысында Ақтауда тізімнен қате шықпағандығын алға тартты.
«Бұл менің Қазақстанда сайлауда алғашқы болуым емес және барлық уақытта сіздерде сайлау жоғары деңгейде өтеді. Бюллетень толтырғанда қай жерге қандай белгі қоямын деген секілді қарапайым сұрақтардың өзі болмайды», - дейді Антон Гуденко.
Маңғыстау облысында кезектен тыс президент сайлауын байқауға ЕҚЫҰ-нан 12, ТМД миссиясынан 9 байқаушы келген.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz
Сурет: lada.kz
• 26 Сәуір, 2015
Тәуелсіз байқаушылар Маңғыстаудағы сайлауды жоғары бағалады

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10