Экономика • 05 Тамыз, 2024

Биыл мемлекет бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл мемлекет бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті

Фото: gov.kz

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті. Сонымен бірге Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді. Жаңа заңды енгізудің нәтижесінде 43 млрд теңге сомасына берешегі бар 13 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 1 млн-нан астам есеп келіп түсті, оның барысында бизнес-құрылымдар «кіру» декларациясын тапсырады. Сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бірінші жартыжылдықта орындалмаған міндеттемелер мәселелерін одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына $3,3 млрд сомасына 335 материал берілді.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025