ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Қызылорда облысында 388 019 адам сайлауға қатысты. Мұның өзі өңірдегі сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс бергенін көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Түскі сағат 14:00-де сайлауға халықтың 73,13 пайызы қатысты деген ақпарат алдық. Арада екі сағат өткенде, 346 698 адамның дауыс бергендігі жөнінде дерек келді. Яғни, түстен кейін қызылордалық сайлаушылардың 87,5 пайызы дауыс беріп үлгерген. Осыдан-ақ халықтың ел өміріндегі елеулі оқиғаға енжар қарамай, сайлауға өте белсенді қатысқанын байқауға болады.
Бүгінгі сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өткенін айтқан абзал. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғындары нөсерлеп жауған жаңбырға қарамай, сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Мұның өзі елімізде саяси мәдениеттің күн санап артып келе жатқанын дәлелдейді.
«Дәл қазір облыс бойынша ораналасқан барлық 345 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Тізімге ілінген сайлаушылардың 97,5 пайызы саяси науқанға толықтай қатысты. Бұл қызылордалықтардың саяси белсенділігінің артқанын, ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Байқаушылар тарапынан да сын-ескертпелер айтылмады. Саяси науқан өте жоғары деңгейде өтті»,– деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайроллаев.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 26 Сәуір, 2015
Қызылордада сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берді

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше