
Өйткені бұл бәсеке Дүниежүзілік көрме аясында өткен еді. II Жазғы Олимпия ойындары 1900 жылы 14 мамырда басталып, 28 қазанда аяқталған. Дәл осы спорт сайысында 24 елден келген 997 спортшы 95 медальды өзара сарапқа салды. Сонымен қатар 1900 жылы өткен бұл бәсеке әйелдер қатысқан алғашқы олимпиада болуымен де ерекшеленеді.