АСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов республикамыздағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі аяқталғанын ресми түрде мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Б.Мелдешов: «Ел өңірлерінде президент сайлауында дауыс беру процесі соңына жетті. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санау үстінде. «Сайлау туралы» конституциялық заңның 3-бабы, 3-тармағына сәйкес, дауыстарды санау әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі», деді.
Сондай-ақ, ол шетелдерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты әлі аяқталмағанын жеткізді. Дәлірегі, сырт мемлекеттерде құрылған 65 сайлау учаскесінің 47-сінде дауыс беру жалғасуда.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 26 Сәуір, 2015
Еліміздің негізгі бөлігінде президент сайлауы үшін дауыс беру аяқталды
АСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов республикамыздағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі аяқталғанын ресми түрде мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Б.Мелдешов: «Ел өңірлерінде президент сайлауында дауыс беру процесі соңына жетті. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санау үстінде. «Сайлау туралы» конституциялық заңның 3-бабы, 3-тармағына сәйкес, дауыстарды санау әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі», деді.
Сондай-ақ, ол шетелдерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты әлі аяқталмағанын жеткізді. Дәлірегі, сырт мемлекеттерде құрылған 65 сайлау учаскесінің 47-сінде дауыс беру жалғасуда.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше