Ғылым • 19 Шілде, 2024

Докторантураға құжат қабылдау басталды

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

11 шілдеден докторантураға түсу үшін құжат қабылдау басталды. Өтініш келесі айдың 3-іне дейін қабылданады. Докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының
http://app.testcenter.kz/ сайтында тіркелу қажет.

Докторантураға құжат қабылдау басталды

Фото: ult.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, докторантураға түсу үшін бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір ғана тобын таңдауға бола­­ды. Талапкер өз өтіні­ші­не тестілеуді тапсыратын қаласы, білім беру бағ­дар­ламаларының тобы, тесті­леу­ді тапсыру тілі бойынша құжат қабылдау мерзімі аяқ­тал­ған­ша, нақтырақ айтқанда, 3 та­мызға дейін өзгерістер енгі­зуге құқылы. Тестілеуді өткі­зу орны мен уақыты тура­лы ақпаратты түсуші тіркел­ген сайттағы өзінің жеке ка­би­не­тін­де 9 тамызда көре алады.

Түсу емтиханына әңгі­ме­ле­су, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бо­йынша емтихан кіреді. Жал­пы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші – 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бе­йіні бойынша емтихан – 50 балл. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кон­курс­қа қатысу үшін және ақы­лы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.

Докторантураға түсу үшін ҚазТест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар тестілеу басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. Атап өтсек, 2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттардың шекті деңгейлері B1-ге дейін төмендетілді және тізімге TOEIC және Duolingo English Test сертификаттары енгізілді.

Биылдан бастап түсуші­лер­дің бейіні бойынша доктор­лар бағдарламасына докто­ран­тураға түсуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді, емти­ханда эссе жазбайды. Ең жо­ғары көрсеткіш – 80 балл, оның ішінде әңгімелесуге – 25 балл, кәсіпорындар мен ұйым­дардың ұсыныс хатына (бол­ған жағдайда) – 5 балл және бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Шекті деңгей – кемінде 50 балл.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30