АСТАНА. 26 сәуір. Еліміздің шетелдерде жүрген азаматтары да президенттік сайлауға белсене қатысып, өз дауыстарын беруде. Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қ.Саржанов: «Шетелдердегі 65 сайлау учаскесінің мәліметтеріне сәйкес, жалпы дауыс беруі тиіс 20 822 адам болған. Әзірге олардың 10 861-і өз таңдауын жасады», деді.
Департамент директорының айтуынша, шетелдерде жүрген азаматтардың конституциялық сайлау құқығын мейілінше қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілген.
Сондай-ақ, ол шетелдердегі сайлау учаскелерінің саны бұрынғыға қарағанда біршама көбейгенін жеткізді. Дәлірегі, Бразилиядағы, Финляндиядағы, Таиландтағы, Хорватиядағы елшіліктердің, Анталиядағы, Брестегі, Қазандағы, Таллиндегі және Үрімшідегі консулдықтардың жанынан құрылған сайлау учаскелерінде еліміздің азаматтары биыл бірінші рет дауыс берген.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше