26 Сәуір, 2015

Еліміз бойынша сайлаушылардың 82,11 пайызы өз дауысын берді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-04-15-osk.04АСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова республикамыз бойынша сайлаушылардың 82,11 пайызы дауыс бергенін мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшіс хабарлады. Т.Охлопкова: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың 26 сәуіріндегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген  сайлаушылардың 82,11 пайызы сайлау бюллетенін алды», – деді. Орталық сайлау комиссиясы мүшесінің айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 85,72,  Ақтөбе облысы бойынша – 78,58, Алматы облысы бойынша – 84,95, Атырау облысы бойынша –  87,25, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 89,45, Жамбыл облысы бойынша – 86,04, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 79,01, Қарағанды облысы бойынша – 84,73, Қызылорда облысы бойынша – 87,45, Қостанай облысы бойынша – 86,75, Маңғыстау облысы бойынша  – 76,15, Павлодар облысы бойынша – 82,75, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 86,93, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  – 87,30,  Астана қаласы бойынша – 70,61, ал Алматы қаласы бойынша 62,54 пайызды құраған. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: khabar.kz.