26 Сәуір, 2015

Түркістандағы «Мерейлі отбасы» әулетінде 51 адам дауыс берді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26 04 - Mereili otbasi 1 ШЫМКЕНТ. 26 сәуір. Түркістандағы 118216 сайлаушы қалаға қарасты 12 ауылдағы 36 және шаһардың өзіндегі 37 сайлау учаскелеріне барып таңдауларын жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Түркістан өңіріндегі республикаға әйгілі отбасылардың бірі – өткен жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы атанған Бимаханбетовтер әулеті. Отағасы Елтай атамыз 83 жаста. Қосағы Елена әжеміз екеуі 8 бала, 33 немере, 15 шөбере өсіріп, өркен жайған алып бәйтерекке айналған. Өз өмірінде 68-ші рет сайлауға келіп отырған ақсақалдың көңіл күйі жақсы, рухы асқақ. «Менің екі немерем, екі шөберем кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс берді. Отбасымызбен ақылдасып, кімге дауыс беретінімізді шешкенбіз. Әйтсе де, ешкімнің таңдауына қарсы болмаймын. Өйткені, ол оның Конституциялық құқығы. Қай үміткерге дауыс берсе де Қазақстанның болашағы үшін жауапты болатын, халықтың ырысын тасытатын, елге бейбітшілік пен татулық, бірлік әкелуге мүмкіндігі мол азаматқа дауыс береріне сенемін. Қуанып тұрып айтарым, осы сайлауда біздің әулеттен 51 адам дауыс беріп жатыр», – деді «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы. Үлкен әулеттің саялы бәйтерегіне айналған ақсақалдың қуанышы бұл ғана емес екен. Сайлау күні әулетке тағы бір шақалақ келді, қыз бала әлемнің жарық есігін ашты. Енді Елтай ағамыздың 34 немересі бар. Осылайша, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Бимаханбетовтер әулеті бір күнде екі бірдей қуанышқа ие болып отыр. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz.

26 04 - Mereili otbasi 3

26 04 - Mereili otbasi 4