26 Сәуір, 2015

Шымкентте майдангерлер өз үйінде дауыс берді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015 _oko_1ШЫМКЕНТ. Қаладағы №49 сайлау учаскесінің комиссиясы мен бақылаушы бар топ денсаулықтарына байланысты үйінен шыға алмаған азаматтарға сайлау жәшігін алып барды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Солардың бірі қарт майдангер Қорғанбай Елеуов ақсақал еді. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен, қанды қасаптан аман келген майдангер өзі барып дауыс бере алмағанына іштей қапа болғанымен, комиссия келгенде қуанып қалды. «Біз елдің тыныштығының қадірін білетін жанбыз. Күндей күркіреп өткен соғыстың миллиондаған жүректерге салған жарасы әл-әзір жазылмайды. Аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болғанға не жетсін. Мен таңдаған адам Отанымыздың бағына туған жан деп түсінемін және қателеспек емеспін. Мұндай сайлауға немқұрайдылықпен қарауға болмайды, сондықтан үйдегілерді ертерек оятып, сайлауға жібердім», - деді ол. Тыныштық күзетшісі, бейбіт өмірдің қадірін жақсы білетін, Президент таңдауда қателеспейтіндігін айтқан қарияның байламы осы. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz