Таным • 11 Шілде, 2024

Сұңқардың өзге құстардан ерекшелігі неде

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Бекен Қайратұлының «Сұңқар» атты мақаласы жарияланды.

Сұңқардың өзге құстардан ерекшелігі неде

Фото: pixabay.com

Автор мақаласында сұңқарды лашын, ителгі құстарымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайды. Сұңқардың басты ерекшеліктеріне де тоқталады.

«Басты ерекшелігі – жайдары, мөлдіреген қара көзі, тұяғы, тұмсығы көгілдір қара не қара қошқыл, көз жиегі, танау қабығы қызғылт сары, аяғының сырты да қызғылт сары, танау тесігі дөңгеленіп келген, көз маңайы қара қылшықты, аса көрікті құс», деп жазады автор.

Мақалада сұңқар жемін көбінесе ұшып жүріп ілетіні, кейде жерде қонып отырған құсқа төнетіні де жазылған.

«Ұшу екпіні лашындай болмаса да жоғары тік атылуға келгенде оған ешбір құс тең келмейді. Ол атылған кезде көз ұшында бұлдыраған көлең­кесі ғана тұрады», деп жазады Бекен Қайратұлы.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.