26 Сәуір, 2015

«Азаматтық парыз биіктігіне қуандым»

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015  Qaragandy ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. Қарағанды облысында сайлау жоғары деңгейде өтуде. Сайлауда жасы енді 18-ге толған қыз-жігіттер, орта жастағы азаматтар мен зейнеткерлер белсене дауыс беріп жатыр. Біз солардың бірі Қарағанды облысының құрметті азаматы, « Құрмет» орденінің иегері Жарылқасын Бикеновпен әңгімелескенімізде ол сайлаудың лайықты өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сайлаудың өзіндік ерекшелігі  болады десек, мені осы жолы жұрттың дауыс беру орындарына ертелетіп ағылуы сүйсіндірді. Отбасымыз мүшелері тіркелген сайлау учаскесіне таңғы сағат 6.00-ден  аса бере келіп едім, біраз адам  жиналып тұруына қуанып қалдым. Бұл еліміздің саяси өміріндегі өте маңызды шараға қатысу әрбір азаматтың басты міндеті мен парызы екенін көрсетумен бірге  еліміз өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашуға деген ынтасын айғақтар оқиға болуы көңіл-күй өсірді», - деді ол. Сонымен бірге ол сайлаудың елдіктің, тұтастықтың, бауырластықтың, татулықтың жарқын мерекесіне айналып,  барша қазақстандықтар сияқты қарағандылықтар да өз таңдауларын жасауға жоғары жауапкершілікті сезгендерін айтты.  «Қазақстанымыздың бейбітшілікті, сенімділік пен тұрақтылықты нығайтуға ,  халықтың әл-ауқатын көтеруге негізделген сыртқы және ішкі саясатына қолдау сайлауда айқын көрініс табатындығы сөзсіз. Менің де даусым Отанымыздың гүлденіп , көркеюіне арналды», - деді Жарылқасын Бикенов. Айқын Несіпбай. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10