26 Сәуір, 2015

Атырауда түске дейін сайлаушылардың 47,54 пайызы дауыс берді (фото)

629 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
выборы-2015 - бабушка долгожитель (Атырау) 1АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырау облысында жас сайлаушылардың бірі Гүлдана Елемесова туған күнінде алғаш рет дауыс берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырауда дауыс беру басталысымен сайлау учаскелеріне асыға жеткендердің бірі –Гүлдана Елемесова. Қазір ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экономика және құқық факультетінің 2-курсында оқиды. «Мен үшін дәл бүгінгі күннің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, мен биыл ел болашағы үшін алғаш рет маңызды таңдау жасадым. Яғни, бірінші рет сайлауға қатысып, дауыс бердім. Екіншіден, дәл бүгін – менің туған күнім. Демек, менің өмірінде бұл күн ерекше есте сақталады», – дейді Гүлдана Елемесова. Дәл осы күні алғаш рет өз таңдауын жасаған жастардың қатарында кеше 18 жасқа толған аталған оқу орнының тағы бір студенті Иманғали Төлепов те бар. Сонымен бірге, Атырау қаласына таяу орналасқан Томарлы ауылының тұрғыны Нышан Жұбаева биыл 104 жасқа толыпты. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр жасаған әженің өз үйінде дауыс беруі үшін №64 сайлау учаскесінен жылжымалы жәшік әкелінді. «Біз өмірдің қиындығын көп көрдік. Аллаға шүкір, енді еліміздің бірлігі, заманымыздың мамыражай тыныштығы бұзылмасын», – деді өз даусын бергеннен кейін 104 жастағы сайлаушы Нышан Жұбаева. Бұл күні Атыраудағы №2016 әскери бөлім сардарлары мен сарбаздары да дауыс берді. «Біз, әйелім Меруерт екеуміз еліміздің қуатты мемлекетке айналуы үшін өз таңдауымызды жасадық», – дейді осы әскери бөлімнің сардары, майор Ғалымжан Журхаев. Атырау облысында бүгін 304 593 сайлаушы 232 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауы тиіс болса, күндізгі сағат 12:00-ге дейін олардың 47,54 пайызы дауыс беріп үлгерді. Дауыс беруде Исатай (72,41%), Қызылқоға (58,38%) және Құрманғазы (55,08%)  аудандарында сайлаушылардың белсенділігі байқалып отыр. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. выборы-2015 - Гульдана Елемесова (Атырау) 1 выборы-2015 - Иманали Тулепов Атырау) 1 выборы-2015 - пограничники (Атырау) 1 выборы-2015 - пограничники (Атырау) 3 выборы-2015 - пограничники (Атырау) 5