26 Сәуір, 2015

Өскемендіктер сайлауда дауыс беріп, ұтыс купондарын ойнады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015  Oskemen-7ӨСКЕМЕН. 26 сәуір. Шығыс Қазақстанда Президент сайлауы ерекше өтуде. Мәселен, Өскемен қаласындағы №23 сайлау учаскесінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 26.04.2015  Oskemen-8Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Байжігітұлының ұйытқы болуымен сайлау учаскесі аумағына қазақтың киіз үйі тігіліп, дауыс беруге келген адамдар тегін тамақтандырылды. Қаланың танымал өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ балаларға арналған батут қойылып, онда ата-аналарымен еріп келген балалар асыр салып ойнады. 26.04.2015  Oskemen-9Балалардың көңілін көтеру үшін клоун мен миньондар шақырылған екен. Балаларға жеке мерекелік бағдарлама қарастырылған сайлау учаскесінде ересектер де ескерілген. Яғни, тұрғындар дауыс берген соң ұтыс купондарына ие болды. Ұтысқа теледидар, шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш, ұялы телефон, планшет сынды бағалы тұрмыстық бұйымдар ойнатылды. «Мен ертеңгілік осы учаскеге келіп дауыс бердім. Сол кезде осы ұтыс купонын алған болатынмын. Бірақ, Президент сайлауына келіп, теледидар ұтып аламын деген ой мүлде болған жоқ», – дейді бас жүлдені ұтып алған қала тұрғыны Гүлшат Күдедаева. Киіз үй тігілген сайлау учаскесіне жиналған жұрт дауыс берген соң концертті тамашалады. «Сайлауға орай өткізілген мұндай тамаша мерекені бірінші рет көріп тұрмын», – деді қала тұрғыны Әсем Тойымбаева таңданысын жасыра алмай. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz