Олимпиада • 09 Шілде, 2024

Париж-2024: Армия спортшылары 20 жолдама жеңіп алды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының саңлақтары Олимпиадада спорттың он түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Армия спортшылары 20 жолдама жеңіп алды

Фото: gov.kz

Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бокстан лейтенант Сәкен Бибосынов, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Мұхаммедсабыр Базарбайұлы және Қарулы күштердің қызметшісі Махмұд Сабырхан, грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали, қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов, Қарулы күштердің қызметшілері Демеу Жабраев пен Нұрсұлтан Тұрсынов, спорттық гимнастикадан – ҚК қызметшілері Нариман Құрбанов, заманауи бессайыстан – ҚК қызметшісі Елена Потапенко, оқ атудан – кіші сержант Әсем Орынбай және ҚК қызметшісі Ислам Сәтбаев, тхэквондодан – ҚК қызметшілері Сомирхон Абабакиров және Батырхан Төлеуғали, спорттық альпинизм бойынша – ҚК қызметшісі Әмір Маймұратов, бадминтоннан – ҚК қызметшісі Дмитрий Панарин, дзюдодан – аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев, қатардағы жауынгерлер Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және ҚК қызметшісі Кәмила Берліқаш, байдарка есуден – ҚК қызметшісі Сергей Токарницкий Олимпиада ойындарына аттанып, жүлделі орындарға таласады.

Айта кетсек, әскер спортшылары 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына 8 лицензия алса, 2021 жылы Токиоға – 18, ал биыл Парижге – 20 лицензия жеңіп алды. 

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубында 20-ға жуық спорт түрі кең дамып келеді. 180-нен аса армиялық саңлақ бірнеше спорт түрінен ұлттық құрамаға енген. Жыл басынан бері армия қоржынына 204 медаль салынған: оның – 91-і алтын, 52-сі күміс, 61-і қола.