АЛМАТЫ. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова республикамыз бойынша сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс бергенін мәлім етті. Түске дейінгі дауыс берудің қорытындысында Алматы қаласы ең төменгі көрсеткішке (17,25 пайыз) ие. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Осыған орай газет тілшісі сайлау алды науқанында сарапшылығымен көзге түскен белгі публицист,
WEB-баспагер Жәнібек СҮЛЕЕВТЕН сұхбат алған еді.
–Жәнібек, түске дейінгі көрсеткіш бойынша «Алматының елдің ең соңында қалуы» қала тұрғындары ретінде сіз екеумізге сын емес пе?
–(Күледі.) Алматы тұрғындарының, оның ішінде жастар қауымы ұйқыны жақсы көреді. Мұны сіз де білуге тиістісіз. Жұрт асықпай ұйқысынан тұрып, содан соң барып сайлау учкесіне бет алады. Мұндай құбылысқа пара-пар қасиет Алматы тұрғындарында бұрыннан сіңісті болған. Демек Алматының дауыс беру пайызы түс ауа молаяды...
–Қазақстан Президентіне дауыс берудің өту барысы жайынан тиісті мәліметтер алып, хабардар болып отырған шығарсыз?
–Әрине... Көңіл аударытын бір жайт, сайлауға дайындық қандай екпінмен жүрсе, дауыс беру де сондай үрдісте өтіп жатыр. Дайындық барысында ешқандай да «қара PR»-ға жол берілмеді. Мұның өзі, ең біріншіден, электорат мәдениетінің бұрынғы кезеңмен салыстырғанда едеуір өскенін байқатады. Бірқатар басылымдарда айттым да, бұл электоралдық науқанға өз басым «5» деген баға қояр едім.
–Бақылаушылар белсенділігі қалай?
–Таңертеңнен бері Алмалы мен Бостандық аудандарындағы бірнеше сайлау учаскелеріне өзім үшін бас сұқтым, байқағаным бәрі де ойлағандай, дауыс беру мен күткендей дәрежеде өтіп жатыр. Келушілер саны тұрақты. Үзіліс жоқ. Бақылаушылар тарапынан да әлдеқандай ескертулер айтылмады. Бір байқағаным, бақылаушылар Қазақстандағы мұндай қалыпты дауыс беру тәжірибесіненболашақта үйренері көп болатынына көзім жетті.
–Бұл сайлаудың елімізде өткен бұған дейінгі сайлаулардан басты айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
–Өте жақсы сауал... Бұл сайлаудың ең басты ерекшелігі, тіпті, артықшылығы – мұнда қазір заманғы технологиялар молынан пайдаланылды. Мен мұны бөле-жара айтар едім. Кәдеге асқан интернет қуатында шек болмады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 26 Сәуір, 2015
Ж.Сүлеев: кәдеге асқан интернет қуатында шек болмады

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10