Саясат • 06 Шілде, 2024

Жаһандық ауқымдағы тұрақтылық жолында

77 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ШЫҰ төрағалығы кезінде Қазақстан Еура­­зия­дағы геосаяси шие­леністі бәсеңдетуге, аймақтық ынтымақ­тастықты арттыруға және ұйымды жүйелі ілгерілетуге ұмтылды. Ұйым төрағалы­ғы Ас­тана­ға осымен төртін­ші мәрте ауысып келді.

Жаһандық ауқымдағы тұрақтылық жолында

Халықаралық саяси іс-шараға 16 елден делегат қатысты. Былтыр Делиде онлайн форматта өткен саммитте Қазақстан тарабы жаһандық деңгейде тұрақтылық пен қауіп­сіздікті қамтамасыз ете­тін қағидаттарды ұсынды. Негізі ұйымның жыл сайынғы саммиттерінде осыған ұқсас құжаттар қабылданып тұрады.

Жалпы, ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттер көзқарастарының әртүрлі екені белгілі. Осы орайда бауырлас Әзербай­жан, Түркия, Орталық Азия елдері­нің Қазақстанның қауіпсіздікке қатысты ұстанымына қолдау көрсетіп отырғанын ерекше атап өту қажет.

ШЫҰ аясында «Әділ әлем, келісім және даму жолын­дағы жаһандық бірлік туралы» құжатқа қол қо­йыл­ды. Бастаманың көзде­гені – бүкіл Еуразия құрлығын­дағы бей­бітшілік пен қауіпсіз­дікті қам­тамасыз етуге кепіл болатындай айрықша мүмкіндіктер­ді жүзеге асыру. Сондай-ақ осы қағидат негізінде мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша 2025–2027 жылдарға арналған ынты­мақ­тастық бағдарламасын бекіту туралы шешімі, халықара­лық ақпараттық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мәселелері бойын­ша өзара іс-қимыл жос­парын бекіту сынды түйінді мәмі­лелерге келуі орынды. Өйткені кез келген ел үшін ең басты мәселе – аймақтың қауіпсіздігі.

Оған қоса Қ.Тоқаевтың «Шанхай ондығына» мүше мем­лекеттерді трансұлттық ұйым­дасқан қылмыс, заңсыз есірткі айналымы және киберқыл­мысқа қарсы күреске шақыруы да құба-құп. Яғни бәріне ортақ өткір проблемаларды парасатты дипломатия аясында ұжым­дық әрекетпен шешу жаһандық тұрақтылыққа сеп бола алады.

Анар СОМУНЖУОҒЛЫ,
Хаджеттепе университеті стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, доцент
(Түркия)