Оқиға • 05 Шілде, 2024

Есік қаласында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кетті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматы облысының Есік қаласында қатігездікпен кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Есік қаласында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кетті

Фото: elements.envato.com

Telegram-арналарда тараған мәлімет бойынша Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінде екі ер адам жанжалдасып қалған. Ер адам 1995 жылы туған жігітке бірнеше жерінен пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомстводан.