Саясат • 04 Шілде, 2024

Тікелей эфир: ШЫҰ саммитін қайдан көруге болады?

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін негізгі отырысы басталған ШЫҰ саммитін Silk Way телеарнасы Астанадағы Тәуелсіздік сарайынан тікелей эфирде көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Тікелей эфир: ШЫҰ саммитін қайдан көруге болады?

Фото: inform.kz

Silk Way телеарнасының жылжымалы студиясы 4 шілде күні бойы жұмыс істейді.

Тікелей эфирден ел басшыларының қол алысу рәсімі, саммитті талқылау, ШЫҰ саммитіне қатысушылардың жедел түсініктемелері мен сұхбаттары көрсетіледі. 

Арна маңызды саммиттен тікелей трансляцияны сағат 10:00-ден бастады.

Айта кетейік, «Бейбітшілік және келісім сарайында» БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы да жұмыс істеп тұр.

Саммиттен 700-ге жуық шетелдік және 200 жергілікті БАҚ өкілдері ақпарат таратып жатыр.