Әлем • 04 Шілде, 2024

Шынжырланған шығармалар

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иә, қазір бұл бізге таң­ғаларлық жайт. Бірақ ортаға­сырлық Еу­ропаның көпшілік кітап­хана­ларында құнды кітаптар сөрелерге шынжырмен байланып тұратын болған.

Шынжырланған шығармалар

Тізбектің ұзындығы тек кітапты сөреден алып, сол жерде оқуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістің негізгі себебі сирек кітаптардың жоғалып кетпеуі үшін жасалған. Айта кетейік, бұл тәжірибе ХVІІІ ғасырға дейін кең таралды. Бүгінде мүлдем жойылып кеткен жоқ. Мәселен, Нидерландтың Зютфен кітапханасынан қазірдің өзінде осындай ерекше бақылаудағы кітаптарды көруге болады.