26 Сәуір, 2015

Ақтөбеде сайлау белсенді өтуде (фото)

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SAM_4283АҚТӨБЕ. 26 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Ақтөбе облысында белсенді өтуде. Бүгін 14 аумақтық комиссия жұмыс істеп, 521 сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс бойынша 448 мыңнан астам сайлаушы таңдау жасайды. Бұл сайлауға алыс-жақын шетелдерден көптеген бақылаушылар қатысуда. Өңірге көршілес жатқан Ресейдің Орынбор облысының өзінен 19 байқаушы келді. Біз барған №61 сайлау учаскесінде сағат 07:30-да 50-ден астам сайлаушы өз таңдауларын жасап үлгерген екен. Сайлауда алғаш дауыс берушіге, сондай-ақ, ең қарт сайлаушыға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй байқалады. Металлургтер мәдениет үйінде орналасқан №32 сайлау учаскесіне келгенімізде адамдардың қарасы көп болды. Мұнда  күндізгі 11:00 сағатқа дейін тіркелген сайлаушылардың 52 пайызы дауыс беріп үлгеріпті. Бұл металлургтердің еңбекте ғана емес, қоғамдық саяси өмірде де белсенділігін тағы бір аңғартты. Жалпы, облыс бойынша 12:00-ге дейін сайлаушылардың 36,2 пайызы өз таңдауларын жасады. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. SAM_4263 SAM_4278 SAM_4287 SAM_4305