АСТАНА. 11 маусым. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірдің білім басқармасына қарасты көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының бұрынғы директоры З.Мұстафаның атқарып отырған қызметінен босату туралы сот актісімен келіспей жазған арызын қарады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы хабарлады.
Нақты айтсақ, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2015 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен талапкер З.Мұстафаның жауапкер «Оңтүстік Қазақстан білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі тәртіптік кеңес отырысының хаттамасын, қызметінен босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, бұрыңғы қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына жалақы және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Нәтижесінде талапкер жұмысына қайта орналастырылып, амалсы бос жүрген уақытының жалақысы өндірілді.
Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатылы сот шешімінің қызметтен босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы бөлігі өзгертіліп, талаптың осы бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдап, талапкер З.Мұстафа атқарып отырған қызметінен босатылған.
Облыстық прокуратурамен З.Мұстафаның арызын қарау нәтижесімен, апелляциялық алқаның қаулысына 2015 жылы 27 мамырда кассациялық наразылық енгізілді.
Облыстық соттың кассациялық сот алқасының 2015 жылдың 3 маусымындағы қаулысымен прокурордың наразылығы қанағаттандырылып, сот актісі заңдастырылып, талапкер З.Мұстафа бұрынғы қызметіне қайта орналастырылды. Осылайша, прокурорлық актімен арыз иесінің еңбек құқығы қорғалды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы.
Сурет: otyrar.kz.
• 11 Маусым, 2015
Шымкентте прокурорлық актімен арыз иесінің еңбек құқығы қорғалды

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33