Саясат • 03 Шілде, 2024

Күре жолдардың сапасы сын көтермейді

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Алматы облысына барып, өңірдегі инфрақұрылым мәселелерін шешуге арналған міндеттерді талқылады. Сондай-ақ сенаторлар Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмысымен және республикалық маңызы бар жолдардың құрылысымен танысты.

Күре жолдардың сапасы сын көтермейді

фото: alataugazeti.kz

Жұмыс сапары кезінде депутаттар «Алматы – Бішкек» тасжолының ахуалына және «Алматы – Астана» жолында орна­ласқан Шамалған станса­сын­дағы теміржол өткелінің құрылысына ерекше назар аударды. Сенаторлар атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселе бар екенін атап өтті. Статистикаға сәйкес жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарда 109 ақау анықталған. Олардың 82-сі ке­шенді жұмысты талап етеді.

«Өкінішке қарай, еліміздегі респуб­ликалық маңызы бар жол­дар мен ішкі жолдардың сапасы сын көтермейді. Бұл – жергі­лікті тұрғындармен кездесу ке­зін­де жиі көтерілетін пробле­малар­дың бірі. Кеген, Райымбек аудан­дарындағы республика­лық ма­ңызы бар трассалар­дағы түйт­кілдер әлеуметтік желі­­лерде де қызу талқыланып жата­ды. Бір жыл өтпей жатып, жол­дың асфальт жабыны то­л­ы­ғымен бұзылды. Бұл мәсе­ле тиіс­ті министрліктер­мен бір­ге тал­қыланды. Онда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері құм-қиыршық тас қоспасының пайдаланылатын нұсқалары еліміздің Ұлттық стандартына сай келмейтінін айтты», деді Жанболат Жөргенбаев.

Сонымен қатар сенаторлар жол­дарды жөндеу және күтіп ұс­тау кезінде пай­да­ланыла­тын жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізілетін Ор­та­лық зертханасының жұ­мы­сымен танысты. Бұған қоса, кә­сі­порын ұжымымен ал­дағы маңызды міндеттерді талқылады.